Саясат

Путин: НАТО - АҚШ-тың құралы

Бәрі де мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин НАТО-ны АҚШ-тың сыртқы саясатының құралы деп атады. Мұны ол араб басылымдарына берген сұхбатында айтты. 

Путиннің айтуынша, НАТО-ның "АҚШ-тың сыртқы саясатының құралы" екеніне ешкім күмән келтірмейді. 

- Мұны Еуропа да айтады. Франция президентінің не айтатынын қараңыздар. Оған бәрінің көзі жетіп отыр, - деп атап өтті ол.

- НАТО-ға мүше болып кірген елдерге АҚШ қару-жарақтарын орналастырады әрі оны орналастыру үшін ешкімнен рұқсат та алмайды, - деп жалғастырды ресейлік көшбасшы.

Оның айтуынша, АҚШ НАТО арқылы Ресейдің стратегиялық ядролық әлеуетімен теңдей әскери орта құрғысы келеді. 


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61