Саясат

Ердоған: Ешкім Түркияны қорқытып артқа шегіндіре алмайды

Түркия көшбасшысының мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирияның үкіметтің әскері террористерге қарсы тұра алмай отыр. Сондықтан түрік әскері Сирияға кірді. Осылай деп мәлімдеді Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен баспасөз мәслихатында. 

Ал Түркия "Бейбітшілік көзі" атты операцияны бастағаннан кейін батыс елдері тарапынан көп сын айтылғанын, қорқыту мен үркіту болғанын тиек етіп оған қарсы былай деп жауап берді. 

 - Ешкім қорқыту арқылы, Түркияны артқа шегінуге мәжбүрлей алмайды, - деді Ердоған.

Түрік көшбасшысы сөз барысында Анкараның күрд содырларымен келіссөздер жүргізуі мүмкін еместігін алға тартты. 

- Сіз келіссөздер үстелінде террористермен бірге отырғанды көрдіңіз бе? - деп толықтырды ол бұған қатысты.