Саясат
Бір айда отыздан астам жауынгер оққа ұшқан
Ресейдің жалдамалы әскерилері Ливияда үлкен шығынға ұшырауда. Бұл жайында батыс басылымдары жарыса жазуда.
"Вагнер" жалдамалы әскери жендеттері Ливияға тамыз айында келген болатын. Олар Ресей саясатын жақтайтын Халиф Хафтар генералдың әскери қимылдарын қолдауға келген-ді. Алайда қос үкіметке бөлініп, қырылысып жатқан азаматтық соғыста вагнерліктердің өзі қырғынға ұшырауда.
Триполи маңындағы кескілескен ұрыста әуеден жасалған соққыдан 35 вагнерлік жендет қаза тауып, 90-нан астамы жарақат алған. Естеріңізде болса, өткен жылы Сирияда вагнерлік жендеттер АҚШ әуе күштерінің соққысына тап болып, 200-ден астамы қаза тапқан еді.