Саясат

Тунистегі сайлауда Кайс Саид жеңіске жетті

Тәуелсіз кандидат

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тунистегі президенттік сайлауда тәуелсіз саясаткер, конституциялық құқықтың консервативті профессоры Кайс Саид жеңіске жетті, деп хабарлайды Тунис радиосы. 

Радиостанцияның хабарлауынша, Саид 72%-дан астам дауыс жинап отыр. Оның екінші раундтағы қарсыласы - медиа-могул және «Калб Тунис» (Тунис жүрегі) партиясының жетекшісі Набил әл-Каруи шамамен 27,5% дауыс жинайды.

Дауыс беруге дауыс беру құқығы бар жеті миллион Тунис азаматының 60%-ы қатысты деп хабарланды.