Саясат
Жазушы ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапатталғандар арасында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовке ІІ дәрежелі “Барыс” ордені табысталды. Президенттің қолынан орден алған жазушы: “”Қазір ауыздан-ауызға тараған “Нұрсұлтан салған нұрлы жол” деген сөз бар. Осы сөзді осыдан ширек ғасыр бұрын, 1993 жылы алғаш рет мен айналымға енгізген едім. Мұнымен мақтануыма болады. Сол сөзді айтқаныма ризамын. Сол сәуегейлігіме ризамын” деді.
Қабдеш Жұмаділов жазушылар одағында атқарылып жатқан шаруаларды да айта келіп: “”Қазір үлкен-үлкен жұмыстар басталып кетті. Біраз жыл тоқырауға ұшыраған Жазушылар одағына биыл құрылтайдан кейін жан бітті. Үлкен бастама көтеріліп жатыр. Келесі жылы бүкіл Азия жазушыларының конференциясын өткізбек. Осының бәрі сіздің шарапатыңыз, сіздің арқаңыз” деп президентке ризашылығын жеткізіпті.
Дереккөз: sputniknews.kz