Саясат
Үкіметтік әскер
Сирияның үкіметтік әскері түрік армиясы мен оның одақтастары жиналып жатқан солтүстік аймақтарға қарай сап түзеді, деп хабарлайды Сирияның мемлекеттік Сана агенттігі.
- Сирия әскері түрік агрессиясына қарсы тұру үшін солтүстікке қарай жылжи бастады, - деп жазады агенттік.
Бұған дейін Ливанның «Аль-Маядин» телеарнасы өзінің ақпарат көзіне сілтеме жасап, SAR әскері келесі 48 сағат ішінде Манбиж және Кобани қалаларына барып кіруі мүмкін деп хабарлаған.
Түркия президенті Тайып Ердоған 9 қазанда Сирияда солтүстікте Күрдістан жұмысшылар партиясы мен «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы (Қазақстанда тыйым салынған) операцияның басталғанын жариялады. Сол күні түрік авиациясы екі елдің шекарасындағы Рас-аль-Айн қаласына және Сирияның басқа да бірнеше қалаларына шабуыл жасады.