Саясат

Сирияда түрік әскерлері қаза тапты

Мергендердің қолынан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жұма күні түнде Сирияның Рас-Айн қаласының маңында болған күрд-түрік шайқасынан 17 түрік сарбазы қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Түрік сарбаздарының көбін күрдтің мергендері өлтірген. Тағы жеті түрік сарбазы жарақаттанған. 

9 қазанда Түркия президенті Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде Күрдістан жұмысшылар партиясы мен «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы (Қазақстанда тыйым салынған) операциясының басталғандығын жариялады. Сол күні түрік авиациясы екі елдің шекарасындағы Рас-аль-Айн мен Сирияның бірқатар басқа қалаларына шабуыл жасады.

Кейін операцияның жер үсті бөлігі басталғаны туралы жарияланды. Сенбі күні Түркияның Қорғаныс министрлігі түрік әскери күштері мен Сирия қарулы оппозициясының Рас аль-Айнты бақылауға алғанын хабарлады, ал жексенбіде Анадолу агенттігі Телл Абяд қаласын бақылауға алғаны туралы жазды.

Сирия билігі Анкараның Сирияның солтүстігіндегі жаулап алу саясатын бірнеше рет айыптады.