Саясат

Енді Германия Түркияны қорқытуда

Маас: «Біз бұған қол қусырып қарап отыра алмаймыз»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас Сирияға басып кіргені үшін Түркияға қарсы шара қолданбақ. Бұл туралы Rambler хабарлайды.

Нақтырақ айтқанда, Германия билігі Түркияға қару беруді тоқтатуды жоспарлап отыр. 

- ЕуроОдақ елдерімен де Түркияға қару-жарақ экспорттау мәселесін талқылайтын боламыз. Бәрі Түркияның әрекетіне байланысты, - деді Германия сыртқы істер министрі ARD телеарнасының эфирінде.

Маастың айтуынша, Түркия ЕО-пен жасасқан босқындар жөніндегі келісімді бұзғалы отыр. 

- Біз оны [Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды] шабуылды тез арада тоқтатуға шақырдық, - деді Германия СІМ басшысы.

Ол Сириядағы түрік операциясы бүкіл аймақты тұрақсыздандырады және маңызды гуманитарлық салдарға алып келеді деп баса айтты.