Weekend
Еркін кездесу
Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА-ның ректоры Ақан Абдуалиев студенттермен "галстуксіз" кездесу өткізді. 3 сағатқа созылған еркін, бейресми кездесуде 100-ден астам студент бас қосты.
Бұл бас қосу негізімен студенттердің сұрақтарымен, ұсыныс-ұсыныс тілектеріне арналды. Бірнеше мәселелер емін-еркін қозғала отырып төмендегі мәселелер қолға алынды:
1) Академияның тасымалдаушы автобусын жаңарту;
2) Академиядағы асхана бағасын студенттерге тиімді ету;
3) Жаңа жатақханамен қамтамасыз етілу сияқты мәселелер студенттер тарапынан айтылды.
Шараның соңы, ректордың студенттерге деген ақылы мен мүмкіншіліктерін айта отырып, жалпы дәстүрлі суретке түсумен аяқталды.