Weekend

Өнер академиясында ақын-жазушылармен кездесу өтті

Жүрекке жыр ұялатқан жүздесу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ғимаратында «Рухани жаңғыру», «Әдебиет әлемі» жобасы аясында «Құрмет» орденінің иегері, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауераты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Жазушылар Одағының С.Есенин атындағы алтын медаль иегері, ақын Ғалым Жайлыбай мен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауретаы, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, ақын Әбубәкір Қайран академия ұжымымен кездесті.
Ғалым Жайлыбайдың «ЖҮРЕГІНЕ ЖЫР ҰЯЛАҒАН…» шығармашылық кездесуіне жиналғандар Әбубәкір ақыннан кездесу иесі жөнінде ой-пікірлерді тыңдады. Академия профессорлары Ғайнижамал Әбілдина мен Дариға Тұранқұлова студенттерге ақынның өмірдерегі, шығармашылығы жөнінде білгендерімен бөлісіп, өлең ұйқастарының қиысуы мен поэзиясына талдау жасады. Одан соң ақынның өзі алдағы жоспарларымен бөлісіп, тың өлеңдерін оқыды. Шараға академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.