Саясат

Жауапкершілікті өзіме аламын: Ноғаев сәбидің өліміне қатысты сұраққа жауап берді

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласындағы перинаталдық орталықта болған сәби өліміне қатысты пікір білдірді.

«Қайғылы оқиғаны ескере отырып, бұған дейін ешқандай шара қабылданбады деп ойламау керек. Бірқатар шара жүргізілді. Өкінішке қарай, қайғылы оқиға болып, оның соңы нәрестенің шетінеуіне алып келді», - деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Нұрлан Ноғаевқа осы кезде «Тексеріс нәтижесінде дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, жауапкершілікті өзіңізге ала аласыз ба?» деген сұрақ қойылды. «Ала аламын», - деді облыс басшысы.

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинатальды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын.

inform.kz