Саясат

Сағынтаевтың бұйрығымен Оразалин жаңа қызметке келді

Әкімнің өкімі бойынша ол басшылық қызметке келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы әкімінің өкімі бойынша Еркебұлан Оразалин Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Е. Оразалин 1981 жылы 16 тамызда дүниеге келген. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар университетін және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Абай атындағы Алматы университетінің аспиранты болып бастаған. Әр жылдары Алматының Ақпараттық-талдау орталығында, «Әлемдік экономика және саясат институты» ҚҚ-да жұмыс істеген.

2010-2012 жылдар аралығында «Алматы» ӘКК» АҚ-да инвестициялар жөніндегі департамент директоры болды. 2012-2016 жылдар ішінде Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылдан бастап соңғы тағайындалуға шейін Алматы қаласы М.Әуезов ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.