Woman

Жар таңдау: Қателеспеу керек!

Жарың болар - жаныңа жақын кісің...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйел алсаң таңдап ал - ақылдысын.

Сол болар жаныңа жақын кісің.

Алғаш көлікті ойлап тапқан Генри Фордтен журналисттер сұxбат барысында:

- Өмірге екінші рет қайта келуге мүмкіндігіңіз болса, дәл осылай көлікті қайта ойлап табар ма едіңіз?- деп сұрағын жаудыра берген бойда Генридің айтқаны:

- Көлікті білмеймін, бірақ осы әйелімді іздеп тауып, қайта үйленер едім, - деген екен.

Бұл жауаптың сырына үңілгісі келген журналистер қазбалай бастағандағы сұрақтарға жауап ретінде:

- Көлік құрастыру басында қолымнан келмеді. Көп сәтсіздіктер болды. Көп зиян шектім. Жұрт мені мазақ ететін, кекетіп мұқататын! Сонда тек жалғыз әйелім ғана маған қолдау білдіріп, жаныма сүйеніш болатын. Менен жалт бұрылған емес. Керек десе, мен көлік жөндеген кезде түні бойы жанымда шам ұстап тұратын еді. Түндегі жарым сыйлаушым ғана емес, өмірімнің шамын тұтатушы жалғыз жанға айналды. Ең ғажабы бүкіл ел маған қарсы шықса да әйелім мені қолдап, барша елге қарсы төтеп бердетін! Нәтижесінде сенім мен маxаббаттың арқасында біз діттеген мақсатымызға бірге қолжеткіздік! - деп сөзін тәмәмдаған екен.

Өмірлік жар. Аты айтып тұр-ақ! Осы оқиғаны естіген сәтте тұла бойымда бір сенімділік арта түскен болатын! "Адам баласы жүрегінің айтқанына құлақ түрсе, ешқашан қателеспейді" деп жатады!

Сен сүймей,ол сүйсе ойлан! Ал бір-біріңді тапсаңдар маxаббат үшін күрес деген екен! Аллам ниетіне қарай несібесін береді ғой!