Weekend
Ұн қымбаттап барады
Өзбекстанда таяуда бір бөлке нанның бағасы қымбаттап, 1500 сумға (16 АҚШ центі) жетеді.
Бұл туралы хабарлаған Kun.uz ақпарат құралының жазуына қарағанда, нанның қымбаттауына астық пен ұн бағасының еркін айналымға жіберілуі себеп болған.
Соның нәтижесінде 1 келі ұн бағасы 1400 сумнан 2000-2500 сумға дейін көтерілген.
Өзбекстанда нан бағасы соңғы рет 2018 жылдың қыркүйегінде қымбаттаған. Оған дейін бөлке нан бағасы ұзық жыл бойы 600-650 сум болған еді.