Саясат

Украина мәселесі: Ресей мен Қазақстан келіспей қалды

Көмір мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Қазақстанның Украинаға транзиттік жолдар арқылы көмір жеткізуіне кедерргі келтіріп отыр. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссия айтып отыр.

Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы келіспеушіліктерді үкіметаралық комиссияда 14-15 қазан күндері талқылау жоспарланып отыр.

Ресей қазақстандық компаниялардың Украинаға транзитке берген өтінімдерінің кейбірімен келіспейтінін мойындап отыр. Алайда толық қарсылығын білдіріп отырған жоқ.

Қазақстанның тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығы қазан айында Мәскеудің тек екі компанияның ғана өтінімін қабылдағанын мәлімдеді. Ал қалған өтінімдердің не себепті қабылданбағаны - белгісіз.

Қазақстан билігі Украина нарығына көмір жеткізілмеуінен ай сайын 11 миллион доллар шығынға батып отыр.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61