Саясат

Сирия үкіметі күрдтермен келісімге келіп, енді Түркияға қарсы соғыспақшы

Асад күрдтерге көмектесу үшін әскерін Сирияның солтүстігіне жұмылдырып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирия билігі елдің солтүстік-шығысындағы күрд әкімшілігін ресми түрде автономды аймақ деп мәлімдеді. Ал бұған дейін, яғни, түрік әскери Сирияға енбегенге дейін бұл аймақты автономды әкімшілік ретінде мойындамаған еді.

Енді сирия билігі күрдтерге ресми автономия бере отырып, Түркияға қарсы шығуды ойлап отыр. Яғни, күрдтерге түрік әскерлеріне қарсы түру үшін қосымша әскери күш беруде, деп хабарлады РИА Новости.

Президент Башар Асад күрд топтарымен келісімге келе отырып, осындай қадамға барып отыр.

- Бұл келісім Түркия басып алған қалаларды, оның ішінде Афринді босатуға мүмкіндік береді, - делінген құжатта.

Күрдтер мен Дамаск арасындағы келісімге түсінік бере отырып, Түркия президентінің кеңесшісі Ясин Актай бұны: «Түркияға деген дұшпандықтың белгісі» деп атап өтті.

- Шекарада қақтығыс болған жағдайда ел армиясы қайта соғысады. Сирия армиясының солтүстік-шығыста соғысуға күші жетпейді және жағдайды қиындатпастан бұрын оларға дұрыстап ойлану керек, - деді Ақтай.

Түрік әскерлері Сириямен шекарада 30 шақырымға дейін қауіпсіздік аймағын құрып, күрд қарулы күштерін одан қуып шығаруды талап етіп отыр.

Сенбі күні Түркия Қорғаныс министрлігі түрік әскери күштері мен Сирия қарулы оппозициясы Рас эль-Айн қаласын бақылауға алғанын хабарласа, ал жексенбі күні Anadolu агенттігі Телль-Абъяд қаласын бақылауға алынғаны туралы жазды.