Саясат

Уганда елі гомосексуалдарға өлім жазасын беру туралы заң жобасын қабылдамақ

Министр: «гомосексуализм угандалықтар үшін табиғи емес»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уганда үкіметі гомосексуалдарға өлім жазасын енгізетін жаңа заң қабылдау туралы жоспарын жариялады. Осы заңды «гейлерді өлтіру» деп аталатын заңнамалық актімен осыдан 5 жыл бұрын енгізген болатын, бірақ көп уақыт өтпей ол заң күшін жойған еді.

Енді ел үкіметі оны жақын апталарда қалпына келтіруге ниетті, деп хабарлайды Daily Mail.

Уганданың Этика жөніндегі министрі Саймон Локодо «гомосексуализм угандалықтар үшін табиғи емес» деп мәлімдеді.

- Біздің қазіргі қылмыстық заңымыз шектеулі. Ол тек әрекеттерді криминализациялайды. Тіпті, оны [гомосексуализмді] насихаттауға қатысқан кез келген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек екенін анық айтқымыз келеді. Ауыр әрекет жасағандар өлім жазасына кесіледі, - деді Министр.

Локодо Уганданың президенті Йовери Мусевенидің қолдайтын бұл заң жобасы алдағы апталарда парламентке қайта жіберіліп, жылдың соңына дейін қабылданады деп мәлімдеді.