Саясат
АҚШ-тың ауыл шаруашылық өнімдерін сатып ала бастады
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Вашингтонмен сауда келісімін жүзеге асыруды бастады деп мәлімдеді. Оны Трамптың өзі Твиттерде жазды.
Қытай американың ауыл шаруашылық өнімдерін тезірек сатып алуға мүдделі болып отырған көрінеді. Өйткені Трамптың айтуынша, қытайлар сауда жасау туралы келісімді күтпей тауарларды ала беруге келіскен. Ал келісімшартты жасауға 3-4 аптадай уақыт кететін көрінеді.
- Қытай біздің отандық фермерлерден ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала бастады, - деді Америка басшысы.
Ол «мәміленің бірінші кезектегі кезеңін» аяқтап, енді келіссөздердің екінші кезеңін бастауға уәде берді.