Саясат
Енді санкцияға Түркия да ілінді
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға "басып кіргені үшін" Түркияға санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекеттік хатшы Майк Помпео.
АҚШ Түркияға қысым жасау үшін, Сириядан әскерін шығару үшін санкция салып отыр.
АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Түркияның қорғаныс және энергетика министрліктеріне, сондай-ақ аталған департаменттердің басшылары Хулуси Акар мен Фатих Донмезге қарсы санкциялар қолданылды. Сонымен қатар, билеуші Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Сүлейман Сойлу қара тізімге енгізілді.
Сондай-ақ АҚШ Анкарамен жасасып жатқан 100 млрд доллардық келісімшартты та тоқтатып тастады.