Bugin
60 жылда болмаған дауыл
Жапонияға түскен «Хагибис» тайфуны, кем дегенде, 40 адамның өмірін жалмады. Тағы 16 адам жоғалып кетті.
Бұл – елде соңғы 60 жылдан кейін қайталанып тұрған ең қуатты дауыл. Мыңдаған үйлер қирап, бүкіл қалалар су астында қалды. Орталық және оңтүстік облыстар – ең қатты зардап шеккен аймақ. Іздеу-құтқару жұмыстары бір сәтке де тоқтамастан жұмысын жалғастырып жатыр.
Елге қуатты тайфунның жақындағаны туралы адамдарға алдын-ала ескертілген. 7 миллионнан астам тұрғынды эвакуациялауға тура келді, алайда олардың тек 50 мыңы ғана үйлерінен кетуге келіскен көрінеді.
Тайфуннан кейін қатты жаңбыр мен күшті жел тұрады. Мыңдаған үйлер қирап, 400 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.
Тек бір ғана Нагано префектурасында тұтас теміржол депосының өзінде әр қайсысының құны 30 миллион доллар тұратын 10 экспресс пойыз су астында қалып қойған.