Weekend
Тоқтарбеков Бекзат жыр дәптерінен
Мен - Мұхтар баба ұрпағымын.
Мен - Мұхтар баба ұрпағымын.
Жалғасымын жақсы сөз сұлтанның,
Шыңғыстаудың бауырын арайлатып,
Жаңа атып келе жатқан жыр таңының.
Ұлылар туған жердің баласымын,
Елімнің самғай-тұғын қанатымын.
Кемеңгер бабаларым тастап кеткен,
Біздерге өлең сөздің бар асылын.
Абай жолын оқысам нұрланамын,
Сол жолдарда қарыштап жүр қадамым.
Ұлы бабам ұқсап бақ дегеннен соң
Ұқсау үшін мен дағы жыр жазамын.
Мен аспаған бел-белес қырат қанша,
Тоқтамаймын шыңдарда гүл атқанша
Шың өнердің боламын бір дүлділі,
Шыңғыстауда туғаным рас болса...
Тоқтарбеков Бекзат Мұратұлы
ШҚО Семей қаласы.