Bugin

Жер мәселесі: Мұхтар Тайжан Тоқаевпен жеке кездесті

Тоқаевтың сөзді бөлмей, мұқият тыңдайтыны ұнады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі, ұлтжанды азамат Мұхтар Тайжан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін Фейсбукта жазып, президенттің алдында қандай мәселелерді көтергенін айтты. Тайжанның айтуынша, Тоқаевтың алдында ол 9 түрлі мәселе көтерген. Ал президент болса, оны мұқият, сөзін бөлмей 35 минут бойы тыңдап отырған.

Тайжанның Тоқаевтың алдында көтерген мәселелерінің кейбірін назарларыңызға ұсынсақ.

Қоғам белсендісі өзінің парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу ашық, еркін жағдайда өткенін алға тартып.

– Мемлекет басшысы алдына келген адамның сөзін бөлмей, мұқият тыңдайтыны маған қатты ұнады. Осы мүмкіндікті пайдаланып көкейде жүрген ойларымды толықтай жеткізуге тырысып бақтым, – депті М.Тайжан.

Ол Президент алдында 1992-2001 жылдары тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысқан сарбаз азаматтарға көршілес Ресей мен Тәжікстанда арнайы статус берілгенін алға тартып, Қазақстанда да арнайы мәртебе беруді өтінген екен.

Бұдан кейін М.Тайжан Арыс қаласын қалыпана келтіру мәселесі де назардан тыс қалмапты. Бұл жайында ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Иә, қаланы қалпына келтіруде көптеген жұмыстар атқарылды. Бірақ кемшін тұстар да жоқ емес. Құрылыс жұмыстары кейбір тұрғындардың көңілінен шықпауда. Бұл жерде кінә – толығымен мемлекеттің жағында болғандықтан,  халықтың тілегін толықтай қанағаттандыру маңызды» депті.

Бұдан кейін қоғам белсендісі Тараз қаласындағы 1990 жылдардан бері келе жатқан «Родничок» тұрғынүйінің мәселесіне Президенттің назарын аударуға тырыспты.

«Аталған жерде 15 мыңдай адам тұрады, бірақ үйлері әлі заңдастырылмаған. Соның кесірінен мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік нысандар салынбай келеді. Сондықтан бұл тұрғын үйді заңдастыруға ықпал етуіңізді өтінемін» деген екен.

Сонымен қатар М.Тайжан Атырау облысындағы экологиялық ахуал жайында сөз қозғағанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеден хабардар екенін айтып, Атыраудағы жағдайды жіті бақылап отырғанын айтыпты.

Ақордадағы кездесуде М.Тайжан Маңғыстау облысын өзге облыстармен байланыстыратын «Бейнеу-Сексеуіл» тас жолы бір миллирд долларға бағаланса да салу керектігін айта келе, атылмыш жолдың еліміз үшін экономикалық тұрғыдан қаншалықты пайдалы екенін былайша тәпсірлепті.

–  Бұл жол бәрімізге қажет. Жол ішкі туризм дамытып, оңтүстіктің арзан көкөністерін батысқа тікелей тасымалдауға жол ашады. Инфляция төмендеп, жүк көліктері Каспий теңіздегі порттарымызға бірден жетіп, ары қарай Әзірбайжан арқылы Еуропа мен Иранға еркін шығатын мүмкіндік ие болады, – деп өз ойын орта салыпты.

Кездесуде М.Тайжай жер мәселесінде назардан тыс қалдырмапты. Ол бұл жайында:

- Жерге қатысты мораторийдің аяқталуына екі жыл қалды. Жерді жалға беру институтын орнату керек. Онда да тек Қазақстан азаматтары мен үлесі 100 пайыздық Қазақстанның заңды тұлғаларына беруге болады. Латифундизмге қарсы космомониторингті енгізу керек, - деп ойын ашық айтқан екен.