Экономика

Павлодар қаласының жүргізушісі лотереядан 40 млн теңге ұтып алды

39 586 200 теңге

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

18 қыркүйекте Павлодар қаласының тұрғыны «Loto 6/49» апталық лотереясынан рекордты джекпот ұтып алды. Оның сомасы 39 586 200 теңгені құрады. Бұған дейін «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторының лотереяларындағы ең ірі ұтыс 26 миллион теңгені құраған, оның иесі болып Нұр-Сұлтан қаласының зейнеткері атанған.

Осы жолы Павлодар қаласының 49 жасар тұрғыны жеңімпаз болды. Өзінің ұтысы туралы ол тек үшінші күні, оны бүкіл ел іздей бастаған кезде бір-ақ білген. Бақытты жанның айтуы бойынша, ол өзінің есебі бойынша 4800 теңге сомаға 24 ұтыс тіккен, солардың бірі оған сәттілік әкелген. Бірнеше ай бойы ол ең жиі түсетін нөмірлерді бақылап, солардың негізінде есептеулер жүргізген. Жолы болғыш азамат жеке жүргізушілікпен айналысатыны белгілі.

Өз ұтысына жеңімпаз Павлодарда жеке үй, көлік алып, балаларына және мүгедек туыс інісіне пәтер алып бермекші.

Cалық заңнамасына сәйкес, ұтыс сомасына 10% мөлшердегі салық салынады. Жеңімпаздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұтыс сомасы банк шотына құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде аударылады. Атап өтетін жайт, сәтті билеттің сатушысы ұтыс сомасынан 1% алады, бұл соманы ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" төлейді.

2018 жылдың наурыз айында «Сәтті Жұлдыздың» алғашқы лотереялары іске қосылды. Сол сәттен бастап қазақстандықтар 3,4 миллиард теңгеден астам соманы ұтқан. 20 миллион теңгеден асатын ең ірі ұтыстар Павлодарда (39 586 200 теңге), Нұр-Сұлтанда (26 726 955 теңге), Қарағандыда (24 564 426 теңге) және Семейде (21 800 457 теңге) анықталды. Осы уақыт аралығында 44 қазақстандық азамат лотерея миллионерлері атанды.

Тағы бір айта кететін жайт, кейбір қазақстандықтар өздерінің ұтыстарын алып кетуге асықпайды. Осылайша, 60 миллион теңгеден астам сома талап етілмей қалған. Ойындарды өткізу ережелеріне сәйкес, кез келген сомадағы ұтысты талап ету мерзімі ойнатылымды өткізген күннен бастап алты айды құрайды. Одан кейін қаражат үш жыл сақталынып тұратын арнайы шотқа аударылады. Ал содан кейін олар салық салынбайтын төлем ретінде мемлекеттік бюджетке аударылады. Осы күнге дейін, ең ірі талап етілмеген ұтыс 2 миллион теңгені құрайды, оның иесі Қостанай облысы, Торғай ауылында тұрады.