Саясат
Сауда соғысы сейіле бастаған сыңайлы
АҚШ президенті Дональд Трамп қытай тауарларына баж салығын 30%-ға дейін көтермеу туралы шешім қабылдады.
- Мен 15 қазаннан бастап тарифтерді 25%-дан 30% -ға көтермеуге келістім, олар 25% деңгейінде қалады, - деп жазды ол Twitter-де.
Трамп АҚШ-тың «Қытаймен өте жақсы қарым-қатынасы» бар екенін және жақын арада елдер арасында сауда келісіміне қол қойылатынын атап өтті.
- Біз келісімнің бірінші кезеңінің көп бөлігін аяқтап қалдық, содан кейін тікелей екінші кезеңге көшеміз. Бірінші кезең жақын арада аяқталып, қол қойылуы мүмкін! - деді Америка президенті.
Дональд Трамп қазір Қытайдың американдық ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала бастағанын айтты.
- Менің Қытаймен келіскенімдей, олар жақын арада 3 немесе 4 апта ішінде келісімге қол қоюды күтудің орнына, біздің ауылшаруашылық өнімдерімізді бірден сатып ала бастады. БАСТАП КЕТТІК! Сол сияқты қаржылық қызметтер мен келісімнің басқа да аспектілері дайындық үстінде, - деп жазды Ақ үй басшысы.
Трамп сонымен бірге Қытай басшысына АҚШ фирмаларының Huawei үшін жеткізілімін бұғаттауға уәде берді.