Hi-Tech
Porsheнің спортты электромобилі - Taycan 4S
Porshe спортты электромобилдерінің үшінші нұсқасын - Taycan 4S көлігін таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Forbes журналына сілтеме жасап. Ол 3,8 секундта 96 км/сағ жылдамдыққа дейін ұлғайып, 250 км/сағ жылдамдыққа дейін жете алады.
Компания қыркүйек айында Taycan Turbo және Taycan Turbo S атты электрокөліктерін көпшілік назарына ұсынған болатын. Бұл екі көліктің де ең жоғары жылдамдығы – 260 км/сағ.
Model 4S – авто өндіруші компания электрокарларының ішіндегі ең арзаны. Bloomberg мәліметінше, Porshe жаңа моделін таныстыруы Tesla компаниясымен бәсекелестігін күшейтеді. Taycan 4S электркөлігінің құны Tesla компаниясының атақты Model S электрокарының бағасымен шамалас.
Сондай-ақ Porshe 2022 жылға қарай электромобильдер, гибридтер және соған байланысты қызметтерге 6 миллиард еуродан астам инвестиция салатындығын растады. Ал алдағы жылдың соңына қарай Taycan Cross Turismo хэтчбэк-универсалын таныстыруды жоспарлап отыр.
Компания Taycan өндірісіне жұмсалатын шығынды Porshe 911 машинасынан түскен пайдамен жаппақ. Айта кетейік, Porshe 911 көп сатылып жылдың ең кірісті көлігі аталынған болатын.