Саясат
Рейд жүргізіліп жатыр
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайыр-садақа сұрайтындар қоғамдық орындардағылардың мазасын алады. Осы мәселенің алдын алу үшін «Қайыршы» жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр.
«Арнайы рейд жүргізетін топ құрылды. Оның құрамында полиция, прокуратура, жұмыспен қамту орталығы мен әкімдік өкілдері бар. Өткен бір тәулік ішінде қайыршылықпен айналысқан 63 адамды анықтадық. Оның ішінде 7 кәмелетке толмаған бала бар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция басқармасына жеткізілген адамдарға мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін аудандық және облыстық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттар жолданды», - деді Алматы қалалық Жергілікті полиция басқармасының басшысы Төрехан Исин.