Weekend

Төбесінен ақша жаудырған: Танымал әнші концерт беру құқығынан айырылды

Енді ол концерт бере алмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбектің танымал әншісі Жахонгир Отажонов лицензиясынан айырылды.

Ол енді Өзбекстанда концерт бере алмайды.

"Жахонгир Отажонов мораль сөзін ұмытқан. Ол қасиетті Рамазан айында этика мен ұлттық дәстүрді бұзды", - делінген мекеме таратқан хабарламада.

Әншінің өзі жақында видеоүндеу жариялап, "маған бәрібір" деп мәлімдеген.

https://ok.ru/video/1332581567031

"Қаласаңыздар менің лицензиямнан айырыңыздар. Олай істеуге сіздердің құқықтарыңыз бар", - деді Жахонгир Отажонов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде әншінің тойда төбесінен ақша жаудырғаны жайлы видео тараған болатын. Оған қонақтар таңғалған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

sputniknews.kz