Саясат

Сауда соғысы: Қытай АҚШ-пен келісімге келуді қалайды

АҚШ-Қытай қарым-қатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ пен Қытай сауда келісімін жасауға әзір. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Гэн Шуан мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, АҚШ өкілдерінің айтып жатқан мәлімдемелері шындыққа сәйкес келеді. 

- Білуімізше, Қытай мен АҚШ сауда-экономикалық келісім мәселесі бойынша бірыңғай ұстанымды ұстанады, мұнда айырмашылық жоқ, - деп атап өтті ол.

Гэн Шуан болашақ келісім өте маңызды екенін айтты. Бұл Қытай мен АҚШ-қа қана емес, бүкіл әлем елдеріне өте тиімді.