Саясат

Рухани: Танкерді жарғандарға жауап қайтарамын әлі

Шенеуніктер зымыранның сынықтарына сараптама жасауда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иран президенті 14 қазан күні 2015 жылдан бері алғаш рет баспасөз конференциясын өткізіп, тілшілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды "Bloomberg" ақпараттық сайты.

Жақында ғана Иранның Қызыл теңізде жүзіп бара жатқан танкеріне зымыран тасталған болатын. Осы баспаөз кездесінде Рухани танкердің "кегін" қайтарамыз деп уәде етті. 

- Танкерді террористік ұйымдар не болмаса жеке адамдар емес, үкіметтік ұйымдар жарған. Қазір зымыранның сынықтары тексеріліп жатыр, - дейді 

Соңғы уақыттары Парсы шығанағы маңында мұнай нысандарына шабуыл жасау жағдайы жиілеп кетті. Сауд Арабиясындағы мұнай өндіретін кәсіпорынға дрон арқылы жарылыс жасау, Иранның мұнай танкерлеріне зымыран жіберу сынды жағдайларды айтсақ болады. 

Бұл да аймаққа мүдделі елдердің бір-біріне соғыс аша алмай, "қыр көрсетіп" отырғандарына ұқсайды.