Саясат
Соның салдарынан туындаған саяси түсініксіздіктер инвесторларға түсетін қысымды арттырды
Халықаралық S&P Global Ratings агенттігінің жетекші сарапшысы Макс Макгроу Қазақстанға қатысты болжамдарды атады. Ұйымның болжауынша, жыл соңында елдегі жалпы ішкі өнім 4%-ке өседі. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 3,8%-ке түсуі мүмкін.
«Биылғы өсім біз болжағаннан сәл жоғары болды. Сондықтан 4% деп белгіледік. Яғни елдің Үкіметі болжаған көрсеткіш сақталды. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда және технологиялық шиеленіс, соның салдарынан туындаған саяси түсініксіздіктер инвесторларға түсетін қысымды арттырды. Олар инвестиция көлемін қысқартуға мәжбүр», – дейді Макс Макгроу.
Халықаралық агенттік мұнай бағасының құбылуы Қазақстанды базалық мөлшерлеме көлемін 9,25%-ке көтеруге мәжбүр еткенін атаған. Қазақстан белгілеген мөлшерлеме дамушы елдер арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.
«Біздің базалық сценарий бойынша, 2020 жылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,8% болуға тиіс. Экономикалық өсімге банк секторындағы проблемалар, экономиканың әр тараптанабағандығы, қаржылық ағымдардың нашарлауы кедергі болады. Жаһандық сауда ағымындағы шиеленістер дамушы елдерге келетін инвестицияның арнасын тарылтуы мүмкін», – делінген ұйымның болжауында.