Саясат

БҰҰ мойындады: Ядролық соғыстың қаупі өте жақын

Сенім жоғалып барады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ядролық соғыстың қауіп-қатері артып келеді. Әлемдегі жағдай өте қауіпті болып отыр. Оған көптеген себептер бар. 

- Олардың ішінде: елдер арасындағы сенімнің, диалогтың болмауы, ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды дамуы, - деді "Коммерсант" басылымына берген сұхбатында БҰҰ Бас хатшысының қарусыздану мәселелері жөніндегі орынбасары Изуми Накамицу.

- Көптеген аналитикалық ұйымдар, қару-жарақты бақылау жөніндегі сарапшылар ядролық қарама-қайшылықтың өсіп келе жатқан қаупі туралы көп айтып жүр. Ядролық соғыстың басталуына екі минут жетіп жатыр. Қиямет қайым орнайды, - деді Накамицу. 

Оның айтуынша, «өкінішке орай, мемлекеттер арасындағы, оның ішінде ядролық державалар арасындағы сенім жоғалып барады».

- Жетекші державалар дипломатия мен келіссөзге қарағанда, әскери күшке көп сенім артатын сияқты, - деді БҰҰ хатшысының орынбасары.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61