Weekend

Пенде

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Пенде болсаң,

Пенделікке салынба?

Ащы суды,

Сіміріп алып,

Қу дүниеге құнықпа.

Желік қуып желігіп,

Тек биіктен көрініп.

Атақтың буы бетке ұрып,

Кеудеге мұңсыз нан пісіп,

Құдай барын ұмытпа.

Жауабы болар байлықты,

Жауапсыз деп ойлама.

Бойдағы тұрған иманды,

Жанталасып жүргенде,

Түсіріп алма құдыққа.

Имансыз өтіп өмірден,

Кіріп кетпе тамұққа.