Woman

Әйелдер үшін ең қауіпсіз елдер тізімі шықты

Гендерлік құқық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Норвегия әйелдер үшін өмір сүруге ең қауіпсіз және ыңғайлы ел деп танылды. Мұны National Geographic журналы жариялады.

Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік индексі (WPS Index) 2017 жылдан бастап жасалып келеді. Рейтингке National Geographic-тен бөлек Джорджтаунның "Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік институты", "Осло бейбітшілік зерттеу институты" да қатысты.

Рейтингті қалыптастыру үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылды: әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірге араласу, қауіпсіздік және әділеттілік.

Жалпы рейтингте әлемнің 167 елінің ұстанымдары есептелген. Бірінші орында Норвегия, одан кейін Швейцария мен Финляндия. Үздік бестікке сонымен қатар Дания мен Исландия енді.

Ресей бұл тізімде Грекиямен 50-ші орынды бөліседі. Украина 105-ші орында.