Саясат
Cириялық күрдтердің қазасына кінәлі кім?..
Сириядағы күрдттердің түрік әскерлерінің қолымен қырылып жатқанына Трамп кінәлі. Осылай деп мәлімдеді АҚШ-тың Демократиялық партиясынан президенттікке үміткер, конгрессмен Тулси Габбард. Бұл туралы Новости РАА хабарлайды.
- Түркия Сириядағы режімді өзгерту үшін соғысып жатыр. Сириядағы режимді өзгертуді 2011 жылы басталып, әлі жалғасып жатыр. Оны екі тараптың да (демократтар мен республикашылар - ред.) саясаткерлері мен БАҚ құралдары қолдаған болатын. Дональд Трамптың қолында күрдтердің қаны бар, - деді Габбард демократиялық партиядан президенттікке үміткерлік туралы пікірталаста.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияның солтүстік-шығысындағы ахуалға қатысты Түркияға қарсы санкциялар режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді.
Өз кезегінде Түркия лидері Тайып Ердоған Анкара АҚШ-тың санкцияларына алаңдамайтынын және операция өз мақсатын орындағанша жалғасатынын айтты.