Саясат

Ердоған АҚШ-тың Сирияға қатысты талабын қабылдамады

Түркия жеңеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия басшысы әскери операцияны тоқтатпайтындығын және террористермен келіссөз жүргізбейтіндігін баса айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 15 қазан күні АҚШ-тың әскери операцияны тоқтату туралы талабын қабылдамай, Түркия «ешқашан атысты тоқтатпайды» және «террористермен келіссөздер жүргізбейді» деп мәлімдеді. Бұл туралы түрік БАҚ-тары жария етті. 

"Die Welt" неміс басылымының хабарлауынша, Ердоған Германияның сыртқы істер министрі Хейко Маасты да сынға алған.

- Маас саясатта ештеңені түсінбейді, - деп айтқан. 

Германия «жеңіледі», ал Түркия бұл қақтығысты «жеңеді» деп атап өтті Түркия президенті.

Жақында Маас Германия Түркияның әскери операциясына наразылық білдіріп, Түркияға қару-жарақ жеткізуге рұқсат беруді тоқтатады деп мәлімдеген болатын.

Сейсенбіде Түркияның Қорғаныс министрлігі мен Түркияның Энергетика министрлігі Анкараның Сирияда бастаған әскери операциясына байланысты АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілді.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61