Экономика
Талдау
2014 жылдың 29 мамырында Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары бас қосуы кезінде арнайы Еуразия экономикалық одағы құрылды.
Одақтың жұмысы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Оған мүше елдер ретінде Қырғызстан және Армения қосылды. Үміткер қатарында Тәжікстан бар.
Аталған Одақ туралы 2011 жылы қазан айында Ресей президенті Владимир Путин бастама көтерген еді. Алайда, 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде бұл туралы арнайы тұжырым Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан таныстырылған.
Экономикалық Одақтың ортақ валютасы туралы ақпарат БАҚ беттерінде жаппай жазылды. Ең ақыры бұл біздің еліміз үшін күн тәртібінде тұрған мәселе еместігі айтылды.
Орыс википедиясы не дейді?
Егер орыс википедиясын ашып «Валюта Евразийского экономического союза» деп терсеңіз, толыққанды ақпарат көресіз.
Онда «ЕЭО ортақ валютасы дегеніміз, Еуразия экономика одағындағы Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан және Беларусь елдерінің ортақ ақша бірлігі» деп берген. Мәтін арасында «Ресей тарапынан ұсыныс, қазақстан тарапынан қарсылық» деген сөзді де көресіз.
2015 жылы ортақ валютаға байланысты шұғыл әрекет жасауға көшкен Ресей болатын, бірақ біздің тарап бұл мәселенің талқыланбайтыны туралы ақпарат берді.
Орыс тіліндегі википедияны қарап отырып, жалпы ортақ валютаға деген түсініктің қайта 2025 жылы қайтып келуі туралы ойларды анық көруге болады. Бұл ғана емес, «талқылауда» бөлімінде «ЕЭО ортақ валютасы» деген мәтінді көзіңіз шалады.