Саясат
Минск процесі
Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасы таратылуы тиіс. Мұндай шартты Украина Минскіде өткен үш жақты байланыс тобының отырысында ұсынды. Бұл туралы осы топтағы Украина өкілі Леонид Кучманың баспасөз хатшысы Дарья Олифер хабарлады.
Олифердің айтуынша, оның барысында украиндық тарап Донбасқа бейбітшілікті қайтару үшін маңызды мәселе қауіпсіздік мәселелеріне қатысты Минск келісімдерінің тармақтарын орындау болып табылатынын, ал саяси блок тармақтарын орындау Донецк және Луганск халық республикаларын таратпай мүмкін еместігін атап өтті.
Кучманың баспасөз хатшысы ДХР мен ЛХР жалған топтар деп атап, жанасу сызығының бойындағы тыныштық режимін бұзды деп айыптады.