Саясат
Шындықты айту оңай емес
WikiLeaks негізін қалаушы журналист Джулиан Ассанж қатыгез психологиялық азаптауларға ұшырап, оның құқықтары бұзылған. Бұл туралы БҰҰ-ның азаптау жөніндегі арнайы баяндамашысы Нильс Мельцер баспасөз конференциясында мәлімдеді.
- Мен оған екі медициналық сарапшымен бірге бардым, біз оның ұзақ уақыт бойы психологиялық азаптауға ұшырады деген қорытындыға келдік. Бұл медициналық қорытынды, - деді Мельцер.
Ол сондай-ақ мүдделі мемлекеттерге — Эквадорға, Швецияға, АҚШ пен Ұлыбританияға БҰҰ азаптауға қарсы Конвенциясы кепілдік берген журналистің құқықтарының бұзылуы туралы істі тергеуді ұсынғанын айтты. Алайда көбі бас тартты.
Қыркүйек айының соңында Ассанж террористерден де нашар жағдайда өз жазасын өтеп жатқандығы хабарланған болатын. Журналист толық оқшауланып, келушілерді айына екі рет қабылдай алады. Оны 22 қыркүйекте босатуы керек еді, бірақ сот оны экстрадициялау туралы мәселе қаралғанша Ассанж түрмеде қалуы тиіс деп шешті.
АҚШ Әділет министрлігі Ассанжға қарсы 17 жаңа айыптауды ұсынды. Вашингтон оны тыңшылық туралы заңды бұзды деп айыптады. Кейін британдық билікке оны экстрадициялау туралы ресми сұрау жіберілді.
Британдық полиция 11 сәуірде Лондондағы Эквадор елшілігінің ғимаратында Ассанжды тұтқындаған болатын.
Оқи отырыңыздар: Сіз кімсіз, Ассанж мырза?