Экономика

Тоқаев: Баспана салу бағасын төмендету керек

Азаматтар пәтер алудың жолдарын анық түсінуі қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті. Жиын барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жоспарланған меженің орындалуы, қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмек реформасы, әлеуметтік даму және жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы көңіл бөлген мәселелердің бірі – тұрғын үй саясатын іскеру асыру болды.

– Әрбір қазақстандық азамат баспананы сатып немесе арендаға алу перспективасын, оны сатып алу шарттарын анық түсінуі керек. Ол үшін тұрғын үйдің қолжетімділік өлшемдерін анықтап, құрылыстың өзіндік құнын жүйелі түрде төмендетіп, көппәтерлі және жеке баспананың аражігін ажыратып, пәтерді жалға беру нарығын реттеу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорда