Саясат

Мамайдың фильмін жоққа шығарған кім? Бұл геноцид емес пе?

Жанболат Мамайдың деректі фильміне қарсы талдау жасалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір қолына смартфон ұстағанның бәрі журналист, зерттеуші болғалы қашан. Белгілі журналист Жанболат Мамайдың жақында: "Сталин қылмыстары: ұлттық элитаны қалай жойды?" атты деректі фильмі жарық көрген болатын. 

Аталған деректі фильм еліміздегі бірнеше кинотеатрларда көрсетілуі керек болғанымен, жауапсыз қалып, ақыры оқырман бұл фильмді YouTube каналынан көруге мәжбүр болды.

Осы жылдың жетінші қазанында "Черное Яблоко" каналында: "Сталинские репрессии в Казахстане: обзор на фильм Жанболата Мамая" атты 29 минуттық талдау видеосы жарияланды. Аталған видеоны жүргізетін Олжас Қожахмет есімді блогер, Жанболат Мамайдың фильміне әзілі мен қалжыңы аралас талдау жасай отырып, бәрін жоққа шығаруға тырысқан. Тіпті бұл деректі фильмді көре отырып, оған өзінше баға да берген. 

Олжас Қожахмет жүргізетін "Черное Яблоко" каналында 1,45 мың жазылушы бар. Каналға алғашқы видео 2017 жылдың 27 тамызында салынып, осы уақытқа дейін жұмысын жүргізіп келеді. 

Жанболат Мамайдың деректі фильміне талдау жасаған Олжас видеода өзін "коммунист" деп көрсеткен. Бұдан өзге аталған деректі фильмді "фильм де, видео-ролик те емес, жәй ғана презентация" дегенге келтіреді. Сонымен, Олжас Қожахмет Жанболат Мамайға қарсы дау айта отырып: "Бұл ешқандай геноцид емес" дегенге тоқталып отыр.