Weekend
YouTube-тен қаралымдар мен жазылушылардан қанша ақша табуға болады?
YouTube видеохостингі 2005 жылдың ақпан айында құрылған және қазір Google-дің иелігінде. Қазіргі таңда бірнеше миллиард тұрақты қолданушысы бар. Қолданушылардың көбінде бір-бір Ютуб-арна бар.
Соңғы кездері көптеген адамдар видеоблог жүргізуге қызығып, жасаған дүниелерін видеохостингтерге жариялай бастады. Кейбіреулер үшін бұл хобби, басқалары үшін Интернетте айына 30 000 теңгедей ақша табудың тәсілі.
Құдайым-ай, ол жақта қазір кім жоқ, тіпті балалар мен зейнеткерлер де өріп жүр. Біздің заманымызда мұның бәрі тек көңіл көтеру үшін емес, сонымен қатар ақша табудың оңай жолына айналды.
Кейбірі тіпті жылына миллиондаған доллар табыс табады!
YouTube-те қалай ақша табады?
Сонымен, мынадай сұрақ туындайды: YouTube-тағы видеолармен қалай ақша табады? Жауап болса, өте қарапайым: бұл - жеккөрінішті, көзге күйік жарнама.
Сіз YouTube видео хостингін ең кем дегенде бір рет ашып қараған боларсыз. Онда бейнені қарау кезінде жарнама кейде төменнен, кейде экранның оң жағында пайда болады. Ал кейде бейненің өзі 10-25 секундтық жарнамадан басталады. Сіздің бейнеңіздегі бұл жарнама видео өндірушілерге YouTube-та ақша табуға мүмкіндік береді.
Сізде келесі логикалық сұрақ туындайды: бейнелеріңізде жарнамадан YouTube-та қанша ақша таба аласыз? Орташа алғанда, сіздің бейнеңіздің әр мың көрінісі үшін табыс 1-ден 3 долларға дейін болады (тұратын еліңізге байланысты).
Нақты мөлшерді анықтау қиын, өйткені видеоға басылған клик пен адамның видеоны қанша уақыт қарайтынын алдын-ала болжау мүмкін емес (дағдарыс кезінде ол он есе аз болуы мүмкін). Тек бір нәрсені айтуға болады - бейнелер, қаралымдар мен жазылушылар неғұрлым көп болса, соғұрлым көп ақша таба аласыз. Бұл 100% рас!
Әрі қарай, сіз өзіңіздің жақсы білетін тақырыбыңызды ерекше және өте қызықты етіп бейнелер жасау үшін не істеу керек екеніңізді талқылайтын боламыз.