Bugin

Жанболат Мамай саяси партия құрмақ

Билікке көңілі толмай жүргендер партияға мүше бола алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі, журналист Жанболат Мамай «жастастарымды жинап, демократиялық бағытты ұстанатын саяси партия құрамын» деп мәлімдеді бүгін баспасөз конференциясында.

- Елде болып жатқан жағдайлар бәрін алаңдатып отыр. Қоғамға өзгеріс керек. Бейбіт жиынға шығып ұсталғандар, саяси тұтқындар босатылуы тиіс. Кез келген алаңға шыққан адамды қамап, әкімшілік жауапқа тарту дұрыс емес. Бейбіт шеру туралы заң өзгеруі тиіс. Содан кейін конституция туралы заң да өзгеруі керек. Біз парламенттік мемлекет болуымыз керек, - деді Мамай тілшілерге.

"Партия құрып, жай әділет министрлігіне тіркеп қою жоқ, іске кірісеміз" деп отыр қоғам белсендісі. Әсіресе, заңға өзгеріс енгізу басты назарда болмақ. 

- Ол мүдделес азаматтардың бас қосып, қоғамды өзгертіп, билікке келу. Біз осыған дайынбыз. Бүгінгі биліктің саясатына көңілі толмайтын, елде өзгеріс болғанын қалайтын азаматтардың бәрі бізге қосыла алады. Бізге елбасы туралы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы туралы заңның керегі не? Олардың бәрін өзгертуіміз керек. Керек заңдарға қолданыста жүруі шарт, - деді тағы да.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61