Weekend
Сен өткенде қалғансың...
Сол бір кезде айталмаған сырыңды
Неге енді бастадың...
Тапқан едің басқа жаннан бағыңды
Неге өткенді ақтардың...
Бала ғашық бала кезде қалмас пе ед
Бұның қалай қайта жүрек қақаның.
Сен ынтыққан сезім менде қалмапты
Іздеп көрдім, таппадым.
Маған жалын үрлейсің кеп, жылын деп
Отын жағып жүрсем-дағы басқаның.
Бала ғашық үзейікші лентасын,
Маған ғашық болған сол бір таспаның...
Деме өтінем үзіктері жалғансын
Деме маған тағдыр бізге тандансын.
Сен жібермей жүрсең-дағы сол кезді
Мен үшін сен сол өткенде қалғансын..