Спорт
Мақсатты көздейтіндер үшін жас та маңызды емес!
Өзбек жұлдызы, әлемнің 3 дүркін жеңімпазы, Олимпиада чемпионы, Гиннесс кітабына көркем гимнастикадан ең көп Олимпиадаға қатысқан жан ретінде енген Оксана Чусовитина Токио жерінде өтетін Олимпиадаға қатысады!
Сонау 1992 жылдан бері айтулы жарысты құр жібермеген спортшының жүріп өткен жолы да қызық. 2009 жылы бапкерлер "енді мына кемпірдің қолынан түк келмейді" деген сөзі мен жарақатына байланысты спорт мансабын аяқтаған. Алайда 2011 жылы Әлем чемпионатында күміс алып, бұл ойынан бас тартады.
2012 жылғы Олимпиадада 5-ші орын иеленген Оксана Германиядан тарихи отаны - Өзбекстанға оралып, бас бапкер болады. Бірақ 2014 жылы Азия ойындарында тағы да күміс алып, үлкен спортқа тағы оралады.
Рио Олимпиадасында 7-ші орыннан көрінсе де, 2018 жылы түрлі жарыстарда 7 алтын, Азия ойынының күміс иеленіп, әлем чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей қалды.
Келер жылғы айтулы додаға тек қатысушы ретінде емес, жүлделі орынды иеленемін деген мақсатты көздеуде!