Саясат
Осыған қатысты ұсыныс түсті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркияның президенті Тайып Ердоған 15 қазан күні F-35 жасырынатын жойғыш ұшақтарына ұқсас ұшақтарды басқа жақтан сатып алатын болды. Мұны "Reuters" агенттігі хабарлап отыр.
Түркия Ресейдің S-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сатып алған кезде, АҚШ үкіметі бұған қарсы шығып, Түркиядан орыс қару-жарағын сатып алмауды талап еткен еді. Өйткені Вашингтон Ресейдің S-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі НАТО-ның қорғаныс жүйесімен үйлеспейтінін және Lockheed Martin компаниясының өнімі “F-35” жасырын ұшақтарына қауіп төндіретінін алға тартқан болатын.
Алайда Түркия АҚШ-тың бұл талабын орындамай, шілде айында Ресейден сатып алған қорғаныс жүйесін Түркияға жеткізді. Сол кезде Вашингтон Түркияны F-35 бірлескен бағдарламасынан шығарып тастады. Яғни, Түркияға ұшақ сатудан бас тартты.
Алайда Түркия мұндай ұшақтарды басқа жақтан сатып алатынын әрі оны іздеуге кірісіп кеткенін мәлімдеген болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61