Weekend

17 қазан күнгі кинопремьералар

Аптаның басты премьерасы - қазақша дубляжбен шыққан екінші "Малефисента"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Малефисента: Түнек әміршісі» Малефисента: Владычица тьмы» / «Maleficent: Mistress of Evil») [6+]: Disney студиясының киноертегісі, 2014 жылғы фильмнің жалғасы. Басты рөлдерде: Анджелина Джоли, Эль Фаннинг, Мишель Пфайффер, Чиветель Эджиофор және басқалар.

Фильм оқиғасы арада бірнеше жыл өткен соң жалғасады. Сюжетте түнек перісі мен болашақ патшайым арасындағы күрделі қарым-қатынас, сиқырлы орманды қорғау ісіндегі жаңа одақтастар мен қарсыластар, онда өмір сүретін сиқырлы тіршілік иелері туралы айтылады.

«Малефисента: Түнек әміршісін» кинода қазақша дубляжбен көруге болады.

«Торуыл» («Они» / «Haunt») [18+]: Хэллоуин тақырыбындағы Америкалық үрейлі триллер.

Сюжет бойынша Хэллоуинде ерекше әсер іздеген бір топ студент қала сыртындағы "Үрей бөлмесі" аттракционына аттанады. Алайда олар ойын ойнайтын жерге емес, құбыжықтар әлеміне тап болғанын түсінеді. Бұл тұзақтан аман қалу оңай емес.

«Джуди» («Judy») [16+]: Америка актрисасы, әнші Джуди Гарленд туралы өмірбаян драма. Басты рөлде - Рене Зеллвегер.

Фильмде Джуди Гарлендтің концерт беру үшін Лондонға келген сәті көрсетіледі. Қасында 18 жасар қызы Лайза Миннелли болады. Бұл оның соңғы туры екенін білмеп еді.

«Маленькие чудовища» («Кішкентай құбыжықтар» / «Little Monsters») [18+]: Лупита Нионго ойнаған халықаралық киножоба. Бұған Ұлыбритания, Австралия және АҚШ мамандары атсалысқан.

Үрейлі комедия жанрындағы картина зомби-апокалипсиске тап болған балақайлар туралы баяндайды. Тәрбиеші кішкентай балаларды қала сыртына экскурсияға алып барады. Осы кезде зомби-вирус тарап кетеді. Балалар қорқып қалмау үшін тәрбиеші оларды айналадағы зомбилар - өтірік, төңіректегі болып жатқанның бәрі ойын деп алдайды.

«Теңіз балалары» («Дети моря» / «Kaijuu no Kodomo») [6+]: Жапон мангасына негізделген аниме.

Сюжетте теңізде өскен Уми және Сору есімді екі бала туралы айтылады. Олардың ерекше қабілеті бар. Екі бала пайда болғаннан кейін әлемде біртүрлі оқиғалар легі болады. Океанариумде істейтін Руки осы құбылыстардың сырын ашпақ болады.