Саясат

Гонконг мәселесі: Қытай мен АҚШ тағы да дауласып қалды

Екі ірі экономика арасындағы шиеленіс күшейе түскенін көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егер АҚШ "Гонконг актісін" қабылдаса, Қытай оған қарсы кек қайтаратынын айтып қорқытты, деп хабарлайды "Bloomberg" ақпараттық сайты.

Егер АҚШ Конгресі Гонконгтағы наразылық білдірушілерді қолдау туралы заң шығарса, онда Қытай оған қарсы шара қолданамыз деп отыр. Сауда келісіміне қол жеткізуге сәл ғана қалған екі ел енді тағы да дауласып қалудың аз-ақ алдында тұр. Бұл екі елдің арасында шиеленістің күшейіп бара жатқанын көрсетеді. 

АҚШ Өкілдер палатасы демократиялық қозғалысты қолдау шараларын қабылдағаннан кейін 16-шы қазан күні Қытай сыртқы істер министрлігі оған қатысты ескерту жасады. 

Демократиялық қозғалыс төрт айдан астам уақыт бойы бұрынғы британ отары болған Гонконг-ты астаң-кестең етті. Соның ішінде «Гонконгтағы адам құқықтары және демократия туралы заң» бар. Бұл заң АҚШ-тың қаладағы арнайы сауда мәртебесіне жыл сайын шолу жасайды және қаланың «Негізгі бостандықтары мен дербестігі» үшін зиянды деп саналатын лауазымды тұлғаларға қарсы санкциялар салумен айналысады.