Саясат
Куәгерлердің айғақтары ашық режиммен тыңдалады
Өкілдер палатасының барлау жөніндегі комитетінің басшысы демократ Адам Шифф президент Дональд Трамптың импичментіне байланысты іс бойынша құжаттарды алдағы уақытта жария етуге уәде берді.
- Тергеудің құнды әрі әділетті болғанын қалаймыз. Сондықтан куәгерлердің айғағын ашық режімде тыңдайтын боламыз. Соған үміттенеміз, - деді Шиффтің Өкілдер палатасындағы әріптестеріне жазған хатында.
Өткен аптаның оқиғаларын тізбектей отыра, Шифф Пентагон мен Ақ үйдің бюджеттік бюросы Конгресстің күн тәртібіне құжаттар ұсынудан бас тартқанын және бұл президенттің сот төрелігіне кедергі келтіруінің ықтимал дәлелі ретінде қарастырылатындығын айтты.