Саясат
Трамп: егер президенттікке «клоун» келетін болса, онда АҚШ Ұлы күйзеліске ұшырайтындығына уәде беремін
АҚШ-тағы саяси құмарлық шегіне жетті. Президенттік сайлауға әлі бір жыл бар, алайда мемлекет басшысы лауазымына үміткерлер бір-біріне "күйе жағуды" қазірден бастап кетті, деп хабарлайды Новости РАА.
Ақ үйдің қазіргі қожайыны өзінің саяси қарсыластарын «клоундар» деп атады және егер Демократиялық партияның өкілі 2020 жылғы сайлауда жеңіске жететін болса, онда бұл АҚШ-қа жаңа Ұлы күйзелісті әкелетіндігіне сөз берді.
- Экономикамыз 1929 жылғыдай құлдырайтын болады, - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.
Еске салсақ, 90 жыл бұрын Нью-Йорк қор биржасындағы дүрбелең салдарынан акция бағасы қатты құлдырап кеткен еді.
Мәселен, Dow Jones бірден 11 пайызға төмендеп кетті. Бұл Ұлы депрессияның бастамасы еді (дүниежүзілік экономикадағы ұзақ құлдырау). Дағдарыс тек 30-шы жылдардың соңына таман ғана аяқталды.