Саясат
Күштеп қол қойғызды
Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның батыс серіктестерімен Луганск және Донецк халық республикалары жасақшыларына рақымшылық жасау туралы заңды қабылдау туралы келісімге қол қойды.
Бұл туралы Жоғарғы Раданың бұрынғы басшысы Андрей Парубий хабарлады.
Саясаткер шетелдік серіктестердің атын атай алмайтынын айтты, бірақ жаңа үкіметпен Зеленский командасының құрамында белгілі келісімдер болғанын, сондықтан рақымшылық, сайлау туралы және ерекше мәртебе туралы заңдар өте тез қабылданатынын айтты.
Парубийдің мәлімдеуінше, Украинаға қатысты ондай келісімдер одан алдын да «кейбір саясаткерлер» арқылы күштеліп жүзеге асырылмақшы болған. Қысым жасалғандардың ішінде Парубийдің өзі де бар.
Қазан айының басында Украина бойынша байланыс тобы «Штайнмайер формуласын» мақұлдады.
Оған сәйкес Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аймақтарында жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы тәртібі туралы заң сайлау күні уақытша негізде күшіне енеді. Ал тұрақты негізде ЕҚЫҰ есебін жариялағаннан кейін енеді делінген.